Соңғы деректер шықты: Бір тәулікте Қазақстанның төрт өңірі "қызыл" аймаққа өтті
Primary tabs
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, үш облыс пен бір қала "қызыл" аймаққа өтті
26 маусымдағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары "қызыл" аймақта тұр. "Сары" аймақта Шымкент қаласы ,Қостанай және Маңғыстау облыстары орналасқан.⠀
Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.
Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1730 адам тіркелген. Олардың дені елордадан. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 416 442-ге жетіп отыр.
Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты қосымша тексеріс жүргізу мақсатында 54 науқастан сынама алынған болатын.
Алдын ала талдау олардың 56 пайызында "үнді" штамы расталып ("Дельта" штамы) отырғанын көрсеткен.
Осы орайда денсаулық сақтау министрлігі қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша карантиндік шектеулер енгізуді ұсынған еді. 22 маусымда премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Оның барысында елордада карантин режимін күшейту туралы шешім қабылданды.