Соңғы он күнде орын алған еліміздегі елеулі жаңалықтар қандай?

Primary tabs

Ақп 22, 2019 / 0 комментарии

Халық арасында біраз таңданыс туғызған Президенттің Конституциялық кеңеске жолданған сауалына «Президент отставкаға кетуге құқылы» деген жауап келді.

"Мемлекет басшысының өтінішінде Конституцияның 42-бабының 3-тармағында белгіленген Қазақстан Республикасы президентінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату негіздерінің тізбесі толық болып табылады ма деген сұрақ қойылған болатын. Конституциялық Кеңес аталған нормада президенттің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату негіздері толық емес деп түсіндірді.

Кейін Нұрсұлтан Назарбаев халыққа видеоүндеу жариялап, Конституциялық кеңеске берген өтініші мемлекеттің әдеттегі мәселесі екенін айтты. Бұл оқиғаның айналасында айқай-шу тудырмауға кеңес бере отырып, Қазақстанда кезектен тыс  сайлау өтпейтіндігіне сендірген Президент ақпанның 21-де тосын мәлімдеме жасап, Үкіметті толықтай жұмыстан босатты.

Ел күтпеген мәлімдеме жасаған соң, бірер сағат өткен соң Назарбаев Бақытжан Сағынтаев басқаратын үкіметті отставкаға жіберіп, Асқар Маминді уақытша премьер-министр етіп тағайындады. Президенттің мәлімдемесі мен үкіметті тарату туралы жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.

"Көптеген заңдар мен үкіметтің шешімдері қабылданса да, экономикада оң өзгеріс болмады, мақсаттар орындалмады. Ішкі жалпы өнім тек шикізат есебінен өсіп жатыр. Үкімет пен ұлттық банк экономиканың өсуіне жағдай жасай алмады. Мемлекеттік бағдарламалар орындалғанымен негізгі бағыттар бойынша нақты нәтижеге қол жетпеді. Жұмыс орындары аз құрылып жатыр. Әсіресе, ауылдарда жұмыс орындары аз. Шағын және орта бизнес өскен жоқ. Шағын және орта бизнесті дамыту әкімдер мен министрлердің негізгі міндеті болған еді" деп сын айтқан Елбасы әлеуметтік, инфраструктура және денсаулық, білім саласын дамыту үшін мемлекеттік бағдарламалар қабылданғанымен, жүйелі жұмыс жасалмағанын да сөз еткен.

Қазақстан президенті халықтың табысы өспегенін, азық-түлікке кететін шығынның көбейгенін айта келе: "Бұл үкіметтің, министрлер мен әкімдердің халықпен жұмыс істей алмайтынын, халықтың мәселесін тыңдай алмайтынын көрсетеді. Менің ойымша, үкімет отставкаға кетуі керек. Жаңа үкімет халықтың жағдайын көтеріп, экономиканы дамытуы үшін нақты қадамдар жасауы тиіс" деп қадап айтты.

 Қазіргі үкімет бюджет қаржысын дұрыс пайдаланбағандығын алға тартқан Президент енді 27 ақпанда болатын "Нұр Отан" партиясының съезінде нақты ұсыныстар жасамақ. Ол үшін бюджеттен және Ұлттық қордан көп қаржы бөлінеді. Бұл қаржы аз қамтылған отбасыларға көмекті арттыруға, баспана мәселесін шешуге, аймақтарды дамытуға бөлінбек. Сонымен қатар, президенттің үкіметті отставкаға жіберуі ел тарихындағы алғаш рет орын алып отырғанын айтқан жөн.

Ал, Президенттің үкіметті оставкаға жіберу туралы жарлығынан кейін премьер-министр болған Бақытжан Сағынтаев видео мәлімдеме жасап, Назарбаевқа алғыс айтты.

Осы ретте сәл артқа шегініс жасап, Сағынтаев басшылық жасаған үкіметте болған бірқатар ауыс-түйісті еске сала кетейік.

12 ақпанда Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов Қазақстан Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалғаны туралы ақпарат таратылды.  

Ал Қасымовтың орнына Ерлан Тургумбаев келді. Алты жылға уақыт Алматы ішкі істер басқармасына жетекшілік еткен ол журналистерге берген сұхбатында тілшілерден Қасымов сияқты қашпайтынын сөз еткен.

Картинки по запросу касымов пен тургумбаев

Жалпы, бұған дейін Астанадағы бес баланың өрттен қаза табуы халық арасында үлкен дүрбелең туғызғаны белгілі. Сол жағдайдан кейін ғана шенеуніктерге Астанада  жылыту маусымы аяқталғанға дейін барлық жағдайды бақылауда ұсталсын деген тапсырма берілді. Айтпақшы, бұрынғы төтеншелік Владимир Божко өзі де бала кезінде времянкада тұрғанын айтты. Ол мәселе времянкада тұруда емес, олардың дұрыс емес салынуында екендігін жеткізген.

Картинки по запросу божко про времянки

Дегенмен, халықты алаңдатып отырған мәселе – неге көп балалы отбасылар осындай жағдайда тұруға мәжбүр? Осы сауалмен әр өңірлерде көп балалы аналар бас көтеріп, әкімдіктер алдына жинала бастады.

Картинки по запросу сгорела времянка в астане

Астана әкімі бақыт Сұлтанов астаналық аналарды баспанамен қамтудың жолдарын қарастыратынын жеткізсе, Алматы мэрі Бауыржан Байбек те, қаланы көркейтуге бөлінген ақашаны қыстартып, әлеуметтік бағытқа жұмсауды, жаңа жұмыс орындарын ашуды, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдауды ұсынды.  Әрине ұсыныс жаман емес. Алайда, бұл  қазір емес, біраз жыл бұрын қолға алынса да болар еді. Бүгінгі таңда құр сөзден іске көшкен жөн екенін билік жақсы түсінген тәрізді.

Айтпақшы, шенеуніктерге артық сұрақ қоймаңыздаршы. Жынын келтіріп...

Ия осындай талапты журналистерге Ұлттық экономика вице-минстрі Серік Жұманғарин қойған еді. Бірақ кейін атқамінер өз баспасөз қызметі арқылы ресми  түрде кешірім сұрады. Әрине, шенеуніктерді де түсінуге болады, проблема көп, жұмыстары бастап асады, оған қоса журналисттер де бастарын қатыратын сұрақ қойып... Кейде осы мемлекеттік қызметкерлер БАҚ төртінші билік екенін ұмытып кететін сияқты. Мәселен, Талғат Мұсабаевтың тілшілерге қатысты қылығы да құптарлық емес.  

Каспи банк жабыла ма?

Мәскеуде ірі инвестициялық Baring Vostok компаниясының негізін салушы Майкл Калви ұсталды. Оның Қазақстанға қандай қатысы бар дерсіз? Айтайық, Калви Kaspi Bank-тің ең ірі акционері болып табылады. Дегенмен, болған оқиға қазақстандық компанияның жұмысына ықпал етпейді, деп мәлімдеді Kaspi Bank басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе.

Картинки по запросу каспи банк