"Спорт саласының үздігі" атанды

Primary tabs

Ақп 25, 2021 / 0 комментарии

24 ақпан күні Талдықорған қаласында, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының алқа мәжілісі өтті.

Жиынға Алматы облысының әкімі - Баталов Амандық Ғаббасұлы арнайы қатысты. Жиын барысында облыс бойынша спорт мектептеріне 23 автогазельдердің кілті табыс етілді. Осындай мәртебелі жиында Қарасай ауданының "Үшқоңыр" балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі де газельге ие болды. Ендігі кезекте көлік оқушыларды жарысқа тасымалдау үшін қолданылады. Бұдан бөлек осы басқосуда аталған мектеп директоры Дәурен Төлеген Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының "Спорт саласының үздігі" медалімен марапатталды.