"Спутник V" вакцинасы экспортқа шықпақшы
Primary tabs
Қарағанды фармацевтикалық зауыты "Спутник V" вакцинасын экспортқа шығармақшы,- деп хабарлайды kaskelen.kz
«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС-нің бас директоры Сергей Барон «Спутник V» препаратын экспортқа шығару мүмкіндіктері туралы Zakon.kz -ке берген онлайн баспасөз конферециясында.
«Келісімшарт бойынша біз Денсаулық сақтау министрлігінің алдындағы міндеттемелерді орындап болғанша ешкімге вакцина жөнелте алмаймыз. Тек ДСМ-нің бірыңғай дистрибьютеріне ғана береміз. Егер, келісімшартта көрсетілген 5 млн доза жеткілікті болса, әрі қарай экспортқа шығуға болады. Бізге хабарласушылар көп. Әсіресе көрші елдерден тікелей шығып жатқандар бар. Біз сөзбен айтқанда, Қазақстандық толық қамтамасыз еткеннен кейін экспортқа шығамыз», — деді Сергей Барон онлайн баспасөз мәслихатында.