Талғар ауданының полицейлері алаяқтардан сақ болуға шақырды
Primary tabs
Қазіргі таңда интернет желілерінің қарқынды дамуымен қоса интернет алаятығы көбеюде. Оған дәлел статистикалық мәліметтер. Ағымдағы жылдың 3 айында Талғар ауданының аумағында алаяқтықтың 141 дерегі тіркелген, ал оның 74 дерегі интернет алаятық.
Интернет алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері:
– Жоқ тауарларды саудалау, әлеуметтік желілердегі жарнама сайттары арқылы түрлі тауарларды жарнамалап, алдын ала төлем алған соң, сайтты бұғаттап тастау;
– Банк қызметкері ретінде телефон шалып, сіздің жеке шотыңыздан ірі көлемде ақша аударылып жатқандығы жайлы жалған ақпарат беріп, сақтандыру шотына ақшаңызды аударуды немесе сіздің абоненттік номеріңізге келген кодты жіберуді сұрау;
– Сіз өзіңіздің бір тауарыңызды сатпақ болып жарнама бергенде тұтынушы ретінде хабарласып, өзінің қала аумағында емес екендігін, ақша аудару үшін банк картаңыздың номерлері мен ССV кодтарын сұрау;
– Пәтерлер мен коттедждердің нарық бағасынан төмен бағада жалға берілетіні жайлы жарнама беріп, алдын ала төлем ретінде “Qiwi” ақша қабылдау жүйесі арқылы қаржы салуды ұсыну;
– Жоқ көлікті “Kolesa kz” сайты арқылы жарнамалап, тұтынушыдан алдын ала төлем сұрау;
– Әлеуметтік желілерде, оның ішінде Инстаграмда сіздің ақшаңызды айналдыру арқылы қомақты пайда табуға болатыны туралы ұсыныстар жіберу.