Тараздық әйелдің көзінен айырылғанына дәрігерлер кінәлі ме?

Primary tabs

Қаң 24, 2021 / 0 комментарии

Тараз тұрғыны емделемін деп көзінен айрылды. Патма Мақсұтова сол көзінің ағып кеткеніне ақ халаттыларды кінәлайды. Ал көз емдеу орталығындағылар кінәрат бізден кетпеді, ол жарының соққысынан көрмей қалған деп ақталып отыр деп хабарлайды KaskelenKz тілшісі.
Патма Мақсұтова ақ халаттылар өмірімнің тас-талқанын шығарды деп ашулы. Айтуынша, сол көзі бұлдырап, көру қабілеті нашарлап кеткеннен кейін көз емдейтін жеке клиникаға барыпты. Ондағылар тексеріп, құны 115 мың теңге болатын дәрі салуды ұсынған. "Әйтпесе көзің мүлде көрмей қалады" деген соң келістім дейді келіншек.
Дәрігерлер екпе салып, 10 күннен соң келесің деп үйіне жіберген. Алайда келесі күні таңертең жанарында қара дақ пайда болып, көзінен қоймалжың сұйықтық аға бастаған. Сосын бірден дәрігерлерге хабарласыпты.
"Көзімді көргенде дәрігерлер қатты қорқып кетті. Сосын жалғыз өзімді жеке палатаға жатқызып қойды. Мен олардың өз араларында инфекция деп жатқанын анық естідім. Мейірбикелер палатаны жиі тазалап отырды, ешкімді кіргізген жоқ."28 күн ішінде көзіме 150-ге жуық дәрі салды",- дейді Патма Мақсүтова. Мұнымен іс бітпеген, ауруханадан шыққан соң арада апта өтпей Патманың сол көзі мүлде көрмей, ағып кеткен. Ол болған жайтқа емхана дәрігерлерін айыптап отыр. Ал ақ халаттылар мұнымен келіспейді. Олар науқасты жары соққыға жыққан деп отыр. Сондай-ақ, қант диабетімен ауыратыны да себеп болған деген болжамын қосты. "Бүкіл нұсқаулық берілген. Егер де қандай да бір арыз болса, бірден жүгіну керек. 9 нан 15-не дейін бұл жерге ешқалай жүгінбеген. Бәрі жақсы жағдайда ондай инъекциядан кейін олар 10 күннен соң жоспарлы тексеріске келеді.Жарақат күйеуінің соққыларынан болып тұр",-дейді Тараз қаласындағы көз емдеу орталығыеың бас дәрігері Бақыт Досжанова.Бұл іс сотта қаралып, дәрі әсері ме, әлде шынымен де соққы алған ба деген сұраққа жауап іздеуде.