Ташкенттік тик-токер 10 тәулікке қамауға алынды
Primary tabs
Жануарларды мазақ еткен видеосы үшін Ташкент тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
Ол кадрларды Tik-Tok желісінде жариялаған. Ұсталған азамат әлеуметтік желіде жариялаған видеолардың бірінде ол мысықты мазақ еткен. Ал, екінші видеосында ол иттің кесілген басымен тик-ток түсірген.
Тик-Ток қолданушылары биліктен тик-токерді жануарларға жасалған қатыгездік үшін жауапқа тартуды талап етті. Сот тәртіп бұзушыны 10 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды. Ұсталған азаматтың жасы 18-ге де толмағаны анықталды.