Тоқаев Алматыдағы “Алтын Орда” базарында тәртіп орнатуға екі ай уақыт берді
Primary tabs
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы “Алтын Орда” базарында тәртіп орнатуға екі ай уақыт берді деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
Тоқаевтың сөзінше 2 миллионнан астам тұрғыны бар Алматы қаласы мен оның жанындағы елді мекен тұрғындары көп пайдаланатын көтерме базарына “тәртіп” қажет. Президент қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарын тартуды тапсырды.
“Алтын Орда” Қазақстандағы ең ірі көтерме базарлардың бірі. Қала мен облыс тұрғындарының көпшілігі осы жерден сауда-саттық жасайды. Қазақстандық БАҚ-тың хабарлауынша “Алтын Орда” базары тұңғыш президенттің інісі Болат Назарбаевтың бақылауында болған.
Өткен айдың соңында салық төлемегендіктен, ЖШС "Рынок Алтын Орда" мәжбүрлі түрде таратылды. Қазір базар екі ірі ЖШС меншігінде. Олар: KURYLYS LTD және Altyn Orda Qaz Trade Ltd.