Тоқаев еліміздегі жолдарды сынға алды

Primary tabs

Сәу 09, 2021 / 0 комментарии

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын сынға алды деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі.
"Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды. Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр.
Үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жағдайды реттеу үшін жүйелі шаралар қабылдап, оның есебін беруді тапсырдым", - деп жазды президент Twitter парақшасында.