Тоқаев тексерулерге мораторий туралы қаулыны толықтырды

Primary tabs

Қыр 19, 2020 / 0 комментарии

«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына толықтыру енгізу туралы.

" ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 65-66, 474-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері.».

2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Президенті  Қ.Тоқаев "