Трамп афроамерикалық полицейдің өліміне қатысты пікір білдірді
Primary tabs
![](https://qaskelen.kz/sites/default/files/1572215230_0_321_3070_2048_600x0_80_0_0_6f0de0e014cabea50dfca1bf4420be5c.jpg)
Дональд Трамп Атлантадағы афроамерикалық полицей Рэйшард Брукстың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости.
АҚШ президенті тұрғындардан полицияға қарсылық көрсетпеуге кеңес берді.
"Сіздер полиция офицеріне осылай қарсылық көрсете алмайсыздар. Бұл қайғылы жағдай болды. Қалай аяқталғанын қараңыздаршы. Өте жаман", - деді Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында.
Президенттің айтуынша, сот істің мән-жайын анықтайды.
"Сот осы мәселенің барлығын шешуі керек. Себебі біздің елде полицейлерге қатысты әділдік жоқ", - деді Трамп.