Түлектер кеші тойланды

Primary tabs

Мау 13, 2019 / 0 комментарии

Қарасай ауданында биыл 59 түлек "Алтын белгі" алды, деп хабарлайды, Kaskelenkz тілшісі.

Жалпы, аудан бойынша 54 мектеп бар. Оның ішінде 51-і мемлекеттік, екеуі жекеменшік, біреуі облыстық білім басқармасына қарасты гимназия.

11сыныпты жалпы 1799 оқушы бітірді, оның ішінде 1310 ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді. 

Ал, биылғы оқу жылында 59 оқушы «Алтын белгі», 54 оқушы «Үздік аттестат» иегері, 36 озат оқушы облыстық және республикалық пән олимпиадаларының жеңімпазы атанды. Шамалған ауылындағы Қарасай батыр атындағы орта мектепте өткен салтанатты шараға аудан әкімі Жандарбек Далабаев қатысып, түлектерді құттықтап, жақсы тілегін жолдады.