Түркістанда жел "әлемде теңдесі жоқ театрдың" қасбетін жұлып әкетті

Primary tabs

Сәу 24, 2021 / 0 комментарии

Түркістандағы "ұшатын" театрдың қасбетін қаптаған қаңылтырды жел ұшырып жіберді. Театр "Керуен-Сарай" туристік кешенінде орналасқан. Видео әлеуметтік желіде жарияланды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Кешен өкілдері Sputnik Қазақстанға бұл жайтқа қатысты кейінірек түсініктеме беруге уәде берді. Бұған дейін Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі "әлемде теңдесі жоқ театр" салынып жатқаны туралы хабарлаған болатын. Ерекше мәдени нысан Самұрық құстың алып жұмыртқасы формасына келеді.

"Дәл осы алтын түсті алып жұмыртқа келбетіндегі ерекше театрда Бәйтерегіміз сияқты сиқырлы ертегілер еліне, қазақ халқының тарихына жаңа технологиялардың көмегімен, 8 D форматта әсерлі саяхат жасауға болады", - делінген еді хабарламада. "Керуен-Сарай" туристік кешенінің құрылысы 2019 жылдың желтоқсанында басталып, инвестициялық жобаны Turkistan Tourism City жүзеге асырды. Ашылуы 2021 жылдың сәуірінде өтті. 

Кешен 20,5 гектар аумақта орналасқан және оған Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, "ұшатын театр", ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы кіредіЕске салсақ, синоптиктер еліміздің кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, батыс және оңтүстікте найзағай, шаңды дауыл күтілетінін хабарлған еді.