Түркі елдеріне ортақ әліпби әзірленбек
Primary tabs
Түркі мемлекеттерінің тіл бірлігі мен олардың ортақ әліпбиге көшуін жеделдету үшін Ортақ әліпби әзірлеу жөніндегі комиссия құрылды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Комиссия құру туралы шешім Түркі мемлекеттері ұйымының қарауына Түркияның Бурса қаласында өткен семинар барысында қабылданды. Комиссия ТМҰ аясында жұмыс істейді.
Ортақ әліпби әзірлеу жөніндегі комиссияға барлық түркі елдерінде тіл саясатымен айналысатын ресми мекемелерден екі адамнан мүше болады. Комиссия міндеті – ТМҰ ақсақалдар кеңесіне ортақ әліпби жөнінде баяндама ұсыну.
Комиссияның алғашқы отырысы Қырғызстанда өтеді деп белгіленді.