Украинадағы атом электр станциясындағы өрт салдарынан мұнай бағасы қымбаттады

Primary tabs

Нау 05, 2022 / 0 комментарии

Мұнай бағасы Украинадағы атом электр станциясындағы өрттен кейін көтерілді деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы. 

 

Мұнайдың әлемдік бағасы Украинадағы Запорожье атом электр станциясына жасалған шабуылдан кейін көтерілді. Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері барреліне 114,23 долларға дейін көтерілді. Батыс Техас мұнайының сәуірдегі фьючерстері 2,37 долларға көтеріліп, 110,04 долларды құрады.

 

Мұнай бағасы 2020 жылдың ортасынан бергі апта сайынғы ең күшті өсуді көрсетті. Жалпы, WTI 18%-ға, ал Brent 14%-ға қымбаттады.

 

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, мұнай бағасы Батыстың Ресейге қарсы санкциялары мұнай жеткізуді тоқтатады деген қауіптен өсіп жатыр.