Францияда Кеңес жауынгерлеріне тағзым етілді

Primary tabs

Мау 23, 2020 / 0 комментарии

Биыл Францияда Кеңес жауынгерлеріне тағзым ету рәсімі бір жарым ай кеш өтті, деп хабарлайды «Хабар 24» Әдетте бұл іс-шара Жеңіс күні өтетін. Коронавирус індеті салдарынан қаһармандарды Ұлы Отан соғысы басталған күні еске алды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Ну-айе Сан-Мартан қаласының зиратында өтетін салтанатты іс-шараға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Әзербайжан, Армения, Түркменістан және Тәжікстан дипломаттары қатысты. Мұнда үш қазақ сарбазы жерленген деген жорамал бар.

 Ғалымдарымыз мұрағаттарды зерттеп, отандастарымыз жерленген зираттарды бүкіл Еуропа бойынша іздейді. Алғаш рет бұл іс-шарада қасиетті соғыс әні француз тілінде айтылды. Оны Франциядағы елшіміз Жан Ғалиев аударып, Абай атындағы опера мен балет театрының әртістері орындады. Бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының өкілдерімен қатар жергілікті саясаткерлер де ескерткішке гүл шоқтарын қойып, Франция халқын фашизмнен азат етуге көмектескен жауынгерлерге өз алғысын білдірді.

Жак Тэннель, Нуайе-Сан-Мартан қаласының мэрі: - Биыл коронавирус індеті салдарынан іс-шара қысқа өтті. Дегенмен бәрі керемет болды. Біз Франция жерінде қаза тапқан барлық жанды еске алдық. Кароль Бюро-Боннар, ұлттық ассамблея депутаты: - Фашизмге қарсы күресте Франция және өзге елдермен бір сапта тұрған одақтастар нақты аталмай жүр. Бұл туралы айту керек, осы іс-шарадан кейін әлеуметтік желілерде пост жариялаймын. Кеңес Одағының құрамында болған, ал қазір тәуелсіз елдердің бұл жеңіске қосқан зор үлесін түсіндіру маңызды іс.    

Дереккөз:https://24.kz/kz/