Францияда мұғалімнің қазасына қатысы бар деген күдікпен бес шешен азаматы ұсталды

Primary tabs

Жел 10, 2020 / 0 комментарии

Францияда мұғалім Самюэль Патидің өлімі бойынша қозғалған қылмыстық істің аясында Шешенстанның бес азаматы ұсталды. Бұл туралы France Bleu басылымы хабарлады.

Құқық қорғау органдарының болжамына сәйкес, ұсталғандар мұғалімді өлтірген 18 жастағы Абдуллах Анзоровпен интернетте хат алмасып, жиһад тақырыбын қозғаған болуы мүмкін.

Ақпаратқа қарағанда, 18 жастан 21 жасқа дейінгі азаматтар Францияның екі аймағында ұсталды. Әзірге оларға айып тағылмады, тергеу істері жүріп жатыр.

Бүгінгі күнге дейін Патидің өлімі бойынша 14 адам, оның ішінде бес мектеп оқушысы тергеліп жатыр. Олардың бірқатары қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінсе, басқалары қылмыс жасауға түрткі болды деп айыпталып жатыр.

47 жастағы география және тарих мұғалімі Самюэль Пати 16 қазанда Парижге жақын жерінде өлтірілді. Бұл оқиғадан бірнеше күн бұрын ол сабақта сөз еркіндігі жөнінде айтып, оқушыларға Charlie Hebdo журналында жарияланған Мұхаммед пайғамбарға арналған карикатураны көрсеткен.

Абдуллах Анзоров ұстау операциясы кезінде полиция тарабынан атып өлтірілді.