Хабиб Нурмагомедов Алматыға келді
Primary tabs
Жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Алматыға келді. Ол оңтүстік астанада түскен фотоларын Instagram парақшасында жариялаған.
"Алматы біз келдік. 18 маусым күні турнирде көрісеміз", - деп жазды спортшы. Ертең, 18 маусым күні Алматыда Eagle Fighting Championship аралас жекпе-жектен турнир өтеді. Бұл спорттық лиганың басшысы Хабиб Нурмагомедов. Кештің басты кездесуі Шамиль Завуров пен бразилиялық Рикардо Тирлони арасында өтеді. Айта кетсек, Нурмагомедов Алматыға 2019 жылдың желтоқсан айында келген еді.
Еске сала кетейік, бұған дейін белгілі файтер Арман Оспанов Professional Fighters League америкалық промоушнде алғашқы кездесуін өткізгенін жазған едік. Аралас жекпе жек шебері Атлантик-Сити PFL 4 турниріне қатысқан.
Оның қарсыласы "Лонг-Айленнің жан алғышы" лақап атымен танылған америкалық Крис Уэйд болды. Спортшының осыған дейін UFC-де өнер көрсеткені жанкүйерлерге белгілі.
Америкалық аралас жекпе жек шебері әлемнің ең мықты лигасында жеті айқас өткізген. Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Арман Оспанов пен Крис Уэйдтың кездесуі үш раундқа жоспарланған еді. Алайда айқас екінші раунда америкалық файтердің жеңісімен аяқталды. Ол Арман Оспановты нокаутқа түсірді.
Осылайша, Арман Оспанов PFL промоутерлік лигасын жеңіліспен бастады. Жалпы, бұл қазақстандықтың кәсіби мансабындағы төртінші жеңілісі. Ал Крис Уэйдке келетін болсақ, файтер он тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді.