ХҚО-ға бармай-ақ, ЭЦҚ қалай алуға болады?

Primary tabs

Мау 21, 2021 / 0 комментарии

Оңай!

Қандай да бір анықтамаларды алу үшін бұрын ХҚО-ға бару керек болатын. Бірақ қазір бұл қажет емес, барлығын ЭЦҚ көмегімен онлайн алуға болады. Бұл қысқа нұсқаулық сізге ЭЦҚ-ны бірнеше минут ішінде алуға көмектеседі:

1. eGov.kz-те «Сервистер» санатында «ЭЦҚ қашықтықтан алу» бөлімін таңдаңыз

2. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз

3. «Жеке куәлік» таңдаңыз

4. ЖСН енгізіңіз

5. телефон нөмірін көрсетіңіз және веб-камера арқылы жеке тұлғанызды сәйкестендіріңіз

6. ЭЦҚ сақтау үшін папканы таңдаңыз

7. Парольді орнатыңыз

8. ЭЦҚ қолдануға дайын

Маңызды! Осы қадамдарды орындамас бұрын компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз және веб-камераға қосылуын тексеріңіз.