Шамалған ауылында егілген көшеттер ұрлануда

Primary tabs

Сәу 16, 2021 / 0 комментарии

Шамалған ауылында жаңа егілген қарағай көшеттерін түнде біреу қазып алып, үрлап кеткен!:sweat:
Бұл туралы ауыл әкімі Ержас Тоқтасынов өз парақшасына жазды.
"Құрметті шамалғандықтар!!!
Осыдан екі күн бұрын ғана ауылымызды көгалдандыру, көріктендіру мақсатында ауқымды ағаш отырғызу жұмыстары қолға алынғанын қуана хабарлаған едік. Өкінішке орай, сол тамыры бекіп үлгермеген көшеттеріміз бүгінде ұрланып жатыр...! Бір түнде біреу бес қарағайды түбінен қопарып, қазып алып кеткен!!!
Бұл ұят емес пе, жерлестер??? Осы ағаштарды біз демеушілердің қолдауымен, сіздер саясында сейілдеп, көлеңкесінде балаларыңыз ойнасын деп отырғызған жоқпыз ба?
Әркім өз туған жеріне шама-шарқынша қызмет етеді. Барды бағалап, қоршаған табиғатты аялау да - адамгершілік!
Ел игілігіне арналған дүниеге қол салып, аманатқа қиянат жасамауларыңызды, керісінше, отырғызған ағаштарды қорғауға көмектесулеріңізді сұраймын, ардақты ағайын!" - делінген жазбада.
Осыдан екі күн бұрын аталған парақшада "Салиқалы ұрпақ" қорының қолдауымен ауылға 200 түп қарағай көшеттері отырғызылып жатқаны жарияланған болатын.
Еске салсақ, былтыр да Қаскелең қаласына егілген ағаштар ұрланған еді.
Бұл сонда қалай болғаны? Шынымен, жоқ болса жоқ дейміз, барды неге бағаламаймыз осы?