Шаруа қожалықтарының құқықтары қорғалды

Primary tabs

Ақп 03, 2021 / 0 комментарии

Ағымдағы жылдың қаңтар айының өзінде кәсіпкерлер құқығын қорғау мақсатында прокуратура жанынан құрылған мобильді топтарға 5 хабарлама түскен. Оның 4-і бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді, 1-і қаралу сатысында. Прокурорлық қадағалау актілерінің қаралуы нәтижесінде 262 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Мысалы, 15 қаңтар күні мобильді топтың сенім телефонына «Жебе-1» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі хабарласып, Мақтаарал ауданы Ж.Нұрлыбаев және Жаңажол ауылдық округтерінің суармалы жерлеріне ағын су жетпей жатқаны жайлы мәселені жеткізді.

Түскен хабарламадан «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік мекемесі 3 мың гектарға жуық мақта және күріш егуге арналған шаруа қожалықтарының суармалы егінді жерлерін ағын сумен қамтамасыз етуге тиісті шараларды қолданбай жатқаны белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау актісін қараудың нәтижесінде ағын су жеткізіліп, 251 шаруа қожалықтарының мәселелері оң шешімін тапты. ​​​​​​​