Шектеу шаралары: Баталов бұйрығын елемейтіндер бар екен!

Primary tabs

Сәу 01, 2020 / 0 комментарии

31 наурыздан бастап Алматы облысы бойынша шектеу шаралары күшейтілді. Оған сәйкес,

1.      Көшеде, қоғамдық орындарда маскасыз жүруге тиым салынады.

2.      Қоғамдық орындарда үш адамнан артық топталып тұруға, жүруге болмайды.

3.      Дүендер мен дәріханалар ғана ашық болады. Олар 8.00 – 20.00 аралығында ғана жұмыс істейді. Өзге сауда нысандары, демалыс, қызмет көрсету орындары жабылады. Сән салондарына, техникалық жөндеу орталықтарына жұмыс істеуге рұқсат жоқ. 

4.      Екінші деңгейлі банктер мен пошта бөлімшелері 10.00 – 16.00 аралығында ғана қызмет көрсетеді.

5.      Той жасауға, мерекелік шаралар өткізуге тиым салынады.

6.      Жеке көлікпен адам тасымалдауға тиым салынады. Тек қана ресми тіркелген такси қызметіне жүгініңіздер.

7.      Жасөспірімдер мен 65 жастан асқан тұлғаларға көшеде жалғыз жүруге болмайды.

8.      Ең бастысы денсаулығыңызды күтіп, үйде болғаныңыз дұрыс.

Kaskelenkz 1 сәуірде Қаскелең қаласын аралап, рейд жүргізді. Берілген бұйрықты елемей, тәртіпке бағынбаған кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Толығырақ видеодан көріңіздер.