Шымкентте бес жасар қыз баланы автобус қағып кетті.

Primary tabs

Сәу 13, 2021 / 0 комментарии

Шымкентте бес жасар қыз баланы автобус қағып кетті. Куәгерлердің сөзінше, қоғамдық көлік жүргізушісі кішкентай қызды тіпті байқамаған да көрінеді деп хабарлайды Астана арнасы.
Жол-көлік оқиғасы 11 сәуір күні сағат 13:00 шамасында болған.
Куәгерлердің сөзінше, кішкентай қыз жолдың қақ ортасында жан-жағына жалтақтап тұрған екен. Олар сондай-ақ қыз баланың жалғыз болғанын, ол дүкенге кіріп сағыз алғасын базар жаққа қарай бет алғанын айтады.
Кәугерлердің айтуынша, жүргізуші қыз баланы мүлдем байқамаған. Қоғамдық көлік тізгініндегі азамат тек сырттағы халық шулап, айқайлаған соң ғана тоқтаған көрінеді.
Ал бүлдіршіннің әкесі "қызым базарға менің жұмысыма келе жатты ау" деп топшылайды.
"Молдағұлов көшесінде кішкентай қызды қағып кетті дегенді естіп жүгіріп келсем, өз қызым. Мен келер алдында тірі болған екен. Жүргізуші қайда қарады?!", - дейді Мургумшах Набиев.

5 жасар қыз баланы қаққан автобус "T-Bus" компаниясына тиесілі. Алайда бағытқа жауаптылардан қандай да бір жауап алу мүмкін болмаған.