Шымкент қаласында үнді штамы анықталды

Primary tabs

Шлд 01, 2021 / 0 комментарии

Үнділік "дельта-штамы" енді Шымкенттен табылды. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев мәлім етті 

"Шымкенттен "дельта-штамм" анықталды. Қазіргі күні тексеріс жүргізілуде", - деп түсіндірді Шымкенттің бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев.

Сонымен бірге, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан да бұл мәліметті өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жеткізді.

"Дельта-штамм" Шымкенттен шықты. Қала "қызыл" аймаққа кірді. COVID-19 инфекциясын 143 адам жұқтырғаны анықталған. Жаңа штамм тез таралып жатыр, дерт асқынып жатыр. Ата-анаңыз бен балаларыңызды сақтаңыздар", - деп жазды қала басшысының орынбасары. Оның айтуынша, коронавирус тіпті туғанына бір ай болмаған сәбиден де анықталып отыр.

Еске салсақ, 1 шілдеде Шымкент COVID-19 бойынша "қызыл аймаққа" енді.