Іргеліде спорттық велосипед ұрлаған азамат ұсталды

Primary tabs

Мау 25, 2020 / 0 комментарии

Іргеліде спорттық велосипед ұрлаған азамат ұсталды, деп хабарлайды Kaskelenkz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Велосипед ұрысы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Соның көмегімен тәртіп сақшылары ұрыны әшкереледі.


Қарасай аудандық полициясының кезекші бөліміне Іргелі ауылдық округінің 42 жастағы тұрғыны, күндізгі сағат 12.00 шамасында көпқабатты үйінің кіреберісінде қалдырылған құны 200 мың теңгеге жуық спорттық велосипедінің ұрланғаны туралы арызданған.

Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.


Іздеуді тұрғын үй кешенінің учаскелік инспекторлары жүзеге асырды. Сыртқы бейнебақылау камераларының және ауданның белсенді тұрғындарының көмегімен учаскелік инспекторлар күдікті Долан кентінің 24 жастағы тұрғынын тауып, әшкереледі.

Ұсталған азамат велосипедті бейтаныс тұлғаларға 12 000 теңгеге сатып, ал тапқан ақшасын өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген. Азаматтың туыстары зардап шеккен әйелге келтірілген материалдық шығынның орнын толық толтырды.

Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне жедел қызметі үшін алғысын білдірді, себебі тәртіп сақшылары үш сағат ішінде күдіктіні тауып, ұстаған.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері, азаматтардан велосипедтерін, балалар арбасын, қымбат ойыншықтары мен басқа да мүліктерін кіре берісте қалдырмауларын сұрайды.