Ғабит Мухамбетов «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК басшысы болып тағайындалды

Primary tabs

Қар 05, 2020 / 0 комментарии

Қазақстан Республикасының Эталон орталығында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жаңадан құрылған «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК ұжымына кәсіпорынның бас директоры болып тағайындалған жаңа басшы - Ғабит Мұхамбетовті таныстырды.

Министр өзінің кіріспе сөзінде экономиканың барлық салаларында техникалық реттеу жүйесінің ерекше рөлін, сондықтан жүйені одан әрі реформалау мәселелері сауда, экспорттық әлеуетті және әлемдік экономикалардың интеграциялық процестерін арттыру мәселелерінде де айқындаушы рөл атқаратынын атап өтті.

«Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК-ның жаңа басшысын таныстыра отырып, Бақыт Сұлтанов Ғабит Мұхамбетовтың тек техникалық реттеу жүйесінде ғана емес, өңірлерде де үлкен басқарушылық тәжірибесі бар екенін атап өтті.

Ғабит Мұхамбетов Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін (1999), (экономист мамандығы бойынша), Қазақ мемлекеттік заң академиясын (заңгер мамандығы бойынша) (2001) бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің «Қазақстан стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы» РМК маманы (1999); Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің маманы, бас маманы, бөлім бастығы (01.2000-04.2001) болып қызмет етті;

  • Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің басқарма бастығы (2002);
  • «Қазақстан метрология институты» РМК бас директоры (2003-2005);
  • Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы  (10.2005-2011);
  • Қарағанды облысы әкімінің орынбасары ( 01.2011-ден бастап);
  • Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары (07.2012-06.2014)

·     «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС