Қазақстанда екінші науқас коронавирустан көз жұмды
Primary tabs
31 наурызда түсте Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сәуле Қисықова қалада 50 жастағы науқас коронавирустан көз жұмды деп хабарлады. Марқұм 21 наурызда ауруханаға жатқызылған.
"Бір ай ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жеке іссапарлармен байланысты болған. Онымен жақын араласқан отбасы мүшелері және әріптестері барлығы 31 адам ауруханаға жатқызылды" деді Қисықова.
Бұған дейін 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.