"Карантинді күшейтуге мәжбүрміз": БҚО-ның бас санитарлық дәрігері дабыл қақты

Primary tabs

Шлд 26, 2021 / 0 комментарии

Батыс Қазақстан облысындағы инфекциялық станционарларда жағдай қиын. Бұл туралы өңірдің бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаев айтты деп жазады Kaskelen.kz тілшісі.

Мұхамғали Арыспаевтың сөзінше, қазір станционарда 783 адам ем қабылдап жатыр. Оның 55-і жансақтау бөліміне жатқызылған.

"Инфекциялық станционарларға үлкен жүктеме түсіп отыр. Облыстық көпсалалы ауруханадағы станционар лық толы. БҚО-ның Бүрлі ауданындағы станционар 75 орынға есептелген. Қазір онда 73 пациент жатыр. Біз карантинді күшейтуге мәжбүрміз. Ауру жұқтырғандар саны күрт өсті. Тек шілде айында ғана өңірде 5 мың адам коронавируспен ауырды. Ал өткен жылы 3 мың адам болған еді", - дейді ол.

Жалпы алғанда, Оралда 911 төсек-орынға шақталған 7 станционар бар. Толымдылығы 67,3 пайызды құрайды (911-дің 613-і бос емес). Ал жалпы БҚО аумағында 20 инфекциялық станционар жұмыс істеп тұр. 

Айта кетейік, бүгіннен бастап өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді. Соған байланысты аймақта бірқатар нысан жұмыс істемейді.

"Коронавирустың анағұрлым жұқпалырақ "дельта" штамы таралып жатыр. Демалыс күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтайды. Сондай-ақ, сауда орталықтары, базарлар, қоғамдық тамақтану орындары, фитнес-орталықтар, балалар ойын-сауық орталықтары, сауналар, моншалар мен бассейндер жұмыс істемейді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары, "Қазпошта" бөлімшелері мен діни нысандар да жұмыс істемейді", - дейді Мұхамғали Арыспаев.