Қазақстанда қанша заңдастырылған көлік жүр?

Primary tabs

Қзн 18, 2022 / 0 комментарии

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстандағы шетелдік көліктерді заңдастыру үшін ең алдымен Салық және Экологиялық кодекстерге өзгерістер енгізу қажеттігін айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстандағы шетелдік көліктерді заңдастыру үшін ең алдымен Салық және Экологиялық кодекстерге өзгерістер енгізу қажеттігін айтты.

"Қазір біздің әріптестеріміз қажетті заң жобаларын әзірлеп жатыр. Олар дайын болған соң біз құқықтық акт қабылдаймыз. Заң қабылданған соң, (заңдастыру – ред.) жұмыстарына кірісеміз", – деді Марат Ахметжанов.

 

Министрдің мәлімдемесіне сәйкес, 1 қыркүйекке дейін Қазақстан аумағына кірген көліктердің саны 300 мың шамасында. Алайда олардың бәрі заңдастыруға жатпайды. Криминалдық тарихы бар, кедендік рәсімдеуден өтпеген көліктер бұл заңдастырылмайды. Сонымен қатар, рулі оң жақта орналасқан автокөліктерге де жеңілдік жасалмайды.