Қазақстандық шаңғышылар классикалық стильдегі жарыста өнер көрсетті
Primary tabs
Қазақстандық шаңғышылар 2022 жылы Бейжіңде өткен Олимпиадада классикалық стильдегі жарыста (15 шақырым) өнер көрсетті деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
Бұл қашықтықты 40 минут 39 секундта бағындырған Виталий Пухкало 25-орынға тұрақтады. Евгений Величко 41:27,3 көрсеткішімен 40-шы орында.
Финн Ийво Нисканен классикадан Олимпиада чемпионы атанды (37:54,8). Екінші орын ресейлік Александр Большуновқа бұйырды (38:18,0), үздік үштікті норвегиялық Йоханнес Клебо (38:32,3) қорытындылады.