Қазақстандық шорт-трекші Әділ Ғалиахметов Бейжің Олимпиядасында ТОП-10-ға енді

Primary tabs

Ақп 10, 2022 / 0 комментарии

Қазақстандық шорт-трекші Әділ Ғалиахметов 2022 жылы Бейжіңде өткен Олимпиадада 1500 метр қашықтықта ТОП-10-ға енді деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Ширек финал мен жартылай финалдан сүрінбей өткен Әділ шешуші бәсекеде (2:11,60) есеппен жеңімпаз оңтүстіккореялық Хван Дэ Хонгқа (2:09,23) екі секундқа ұтылып, сегізінші болып мәреге жетті.

 

Күміс жүлдені канадалық Стивен Дюбуа жеңіп алса, үздік үштікті ресейлік Семен Элистратов түйіндеді.