Қазақстанның Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды
Primary tabs
Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "кәсіпкерлік нысандарында "Ashyq" жобасын енгізу туралы" жаңа қаулысы жарияланды. Құжаттың мәтіні ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында пайда болды
Қаулы бойынша "Ashyq"қосымшасын қолдану аясы кеңейтіледі. Атап айтқанда, ол арқылы Шымкент, Түркістан, Ақтау және Қостанай әуежайларына кіру жүзеге асырылмақ. Қазақстандықтар арасында CAVID-19 таралуының алдын алу мақсатында Ерлан Қиясов қаулы етті:
Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне мынадай кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын іске асыру таратылсын:
йога орталықтарын қоса алғанда,фитнес-клубтары;
спа-орталықтары;
сауналар, бассейндер;
PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
боулинг клубтары;
кинотеатрлар;
театрлар мен филармониялар;
асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
бильярд клубтары;
концерт залдары; ерікті қатысушылар;
караоке; көрмелер;
океанариум; марафондар;
көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы;
Алматы қаласының әуежайы;
(2021 жылғы 31 мамырдан бастап) Шымкент және Түркістан қалаларының және (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары; лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар. Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.