Қазақстан алғашқы медальді ұтып алу мүмкіндігінен айырылды
Primary tabs
Қазақстан бүгін 2022 жылғы Олимпиадада алғашқы медальді ұтып алу мүмкіндігінен айырылды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
Конькимен жүгіруші Абзал Әжғалиев Бейжіңде 500 метр қашықтық жүгіруден финалда сынға түсті. Ақтық жарыста ол төртінші орын алды. Бағдарламаның бұл түрінен алтынды Венгрия өкілі Лю Шаоан ресейлік Константин Ивлиевтен 0,11 секундқа озып алды. Қоланы канадалық Стивен Дюбуа алды.
Бұл сайыс бойынша тағы екі қазақстандық бақ сынады. Денис Никиша финалға шығып, ақтық сәтте сегізінші орынға ие болды, ал Әділ Галиахметов 1/4 финалда өз өнерін аяқтады.
Әжғалиев Олимпиадада 500 метрге шорт-тректен жекелей финалда бақ сынаған тарихтағы тұңғыш қазақстандық атанды.