Қазақстан ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетті

Primary tabs

Мау 22, 2020 / 0 комментарии

Қазақстан ауған халқына гуманитарлық көмек жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің Telegram-каналына сілтеме жасап.

 "Барлық санитарлық-эпидемиологиялық норманы сақтай отырып, ішінде 1900 тонна ұн, 500 тонна макарон өнімдері, 4 мың литр күнбағыс майы және 200 мың қоюлатылған сүт банкалары кіретін 46 вагон гуманитарлық жүк жеткізілді.

 Ресми іс-шараға Балх провинциясы әкімшілігінің, Ауғанстан СІМ және Қазақстанның АИР-дағы елшілігінің өкілдері қатысты", - делінген хабарламада.

Дереккөз мәліметінше, бұл азық-түлік өнімдерін АИР үкіметі елдің мұқтаж аймақтарына таратады.