Қазақстан қоржынына жетінші медаль түсті

Primary tabs

Тмз 06, 2021 / 0 комментарии

Қазақстандық каратэші Дархан Асәділов Токио Олимпиадасының жартылай финалында жеңілді. Салмағы 67 келіге дейінгі  өнер көрсететін Асәділов жартылай финалда 2018 жылғы әлем чемпионы франциялық Стивен да Костамен күш сынасты. 2:5 есебімен жеңілген қазақстандық спортшы финалға жолдама ала алмады. Осылайша, ол Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. 

Дархан Асәділов - каратэден Қазақстан құрамасындағы ең тәжірибелі спортшы, жасы 33-те. 2010 жылы Азия чемпионы атанған. 2008 жылы әлем чемпионатында күміс, 2018 жылы қола медаль жеңіп алған. Еншісінде Азия чемпионатынан бірнеше жүлде бар.  

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасы жетінші медалін жеңіп алды. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Кейін боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, балуан Нұрислам Санаев та қола жүлде еншілеген.