Қазақстан әскерлерінің Украинаға жіберілгені рас па?

Primary tabs

Нау 04, 2022 / 0 комментарии

Қорғаныс министрлігі Қазақстан әскерлерінің Украинаға жіберілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери техниканың Украинаға қарай бет алғаны туралы хабарламаға жауап берді.

 

«Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери контингентін жіберу туралы шешімді ел президентінің ұсынысы негізінде Парламент қабылдайды. Парламенттің тиісті қаулысы қабылданғанға дейін Қорғаныс министрлігінің сол немесе басқа мемлекетке әскери контингент жіберуге құқығы жоқ», - делінген хабарламада.