Қаза болғаандар саны 15-ке жетті

Primary tabs

Жел 27, 2019 / 0 комментарии

Алматы түбіндегi әуе апаты салдарынан қаза тапқандардың саны артты, - деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі. Бұл туралы әлеуметтік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты.
"Оқиға орнында 14 адам қаза тапты. Бір адам ауруханада көз жұмды", - деді ол Алматы халықаралық әуежайындағы баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін қаза тапқан саны 14 екені хабарланып, 7 адамның кім екені белгілі болған.
Еске салайық, бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын.⠀
Артынша ІІМ ТЖК қаза тапқандар саны артқанын мәлім еткен. Апат салдарынан тоғыз адам қаза болған. Ұшақ зардап шеккендердің тізімі жарияланған.