Қандай екпені коронавирус вакцинасымен бірге алуға болмайды

Primary tabs

Сәу 19, 2021 / 0 комментарии

Онлайн брифинг барысында С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова "қандай екпені коронавирус вакцинасымен бірге алуға болмайды" деген сауалға жауап берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Тірі вакцинаны БЦЖ екпесімен бірге алуға болмайды. Бұл барлық вакцина үшін жалпы ереже. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина енді ғана қолданыла бастады. Сондықтан оны кешенді түрде қолдану ұсынылмайды, бұл уақытша шара. Біраз уақыттан кейін ол басқа вакциналармен біріктіріле бастайды. Әзірге мұндай ұсыныс жоқ. Қазір кене энцефалитіне қарсы маусым бар, бірақ тірі вакцинаны біріктіру мүлдем мүмкін емес. Коронавирусқа қарсы вакцинаны бөлек қолдануды ұсынамын", – дейді ол. Сонымен қатар, Эльмира Битанова вакцинациядан кейін иммунитеттің қанша уақытқа дейін сақталатынын атап өтті. 

"Бұл инфекция 2019 жылы басталды, иммунитетті сақтаудың болжамы екі жыл деп отырмыз. Бұл болжам. Бізге әлі ешкім кепілдік бере алмайды. Біз қазір вирусты тоқтатқымыз келеді. Вакциналар әлі де жетілдіріледі", – дейді иммунолог. Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халық инфекциядан сақтанудан шаршағанын, алайда бұрынғы қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы– бұл вакцинация арқылы иммунитет қалыптастыру екенін бас айтқан еді. "Тек вакцина ғана бізге қозғалыс еркіндігін қалпына келтіруге және кең тыныстауға мүмкіндік береді", – дейді министр.