Қарасайда коронавирус жұқтырған тағы бір науқас тіркелді

Primary tabs

Мау 02, 2020 / 0 комментарии

Бүгін Қарасай ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір науқас тіркелді. 

Ал жалпы Алматы облысында 15 науқас тіркелді. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Вирус жұқтырғандардың 5-і Талдықорған қаласында, енді 5-і  Қапшағай қаласында анықталса, 1 жағдайдан  Ақсу, Талғар, Қарасай, Панфилов және Ескелді аудандарында тіркелген.

Барлық 15 науқастың ауру белгілері  белсенді түрде анықталды, 1964, 1973, 1975, 1989, 1962, 1987, 1996, 2015, 1994 жылдары туған азаматтардың вирус жұқтырғаны профилактикалық тексерілуден өту барысында анықталса, 1962, 2012, 1990, 1968, 1959, 1964 ж.т.  науқастар бұрын  коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болғандар.  

Науқастардың барлығы оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексеру жалғасып жатыр.

1 маусымдағы жағдай бойынша Алматы облысында  инфекция жұқтырғандар саны 376 адамға жетті.

 

Нұргүл Әлменбетова