Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына тағы бір науқас жатқызылды

Primary tabs

Сәу 29, 2020 / 0 комментарии

Бүгін Алматы облысының Іле ауданында коронавируспен ауырған 1 адам тіркелді, деп хабарлайды Kaskelenkz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысының Іле ауданында бүгін COVID-19 инфекциясымен ауырған тағы 1 адам тіркелді. Профилактикалық тексерілу  кезінде 1988 жылы туған азаматтан КВИ анықталған. 

Онымен 47 адам қарым-қатынас жасаған, олардың барлығы оқшауландырылды. Олардың 34-інің тексеру қорытындылары таза болып шықты, эпидемиологиялық тексерулер жалғасуда. 

Науқас қазір Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды. 

Бүгін күні Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 114-ке жетті, ал жазылып шыққандар – 10.