Қарасай ауданында арақты заңсыз өндірген зауыт жұмысы әшкере болды
Primary tabs
Алматы облысында заңсыз өндірілген 10 300 литр арақ тәркіленді. Алкогольді сусын Қарасай ауданындағы зауытта жасалған деп хабарлайды Қазақпарат.
Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, 19 мамыр күні Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментімен бірлесе отырып, алкоголь өнімдерінің заңсыз өндірісі фактісін анықтаған.
Қарасай ауданының аумағындағы зауытта "Наша Водка" белгісі бар арақтың 14 000 бөтелкесін (0,5 литрден) және алкоголь өнімін құюға арналған пластик ыдысында мөлшері 3 300 литр құрамында спирті бар өнімнің заңсыз өндірісі табылды.
Еске сала кетсек, Рамазан айында Жамбыл облысы Жамбыл ауданына қарасты Шәкен Ниязбеков, Шайқорық, Танты, Қапал ауылдары ішімдіктен түбегейлі бас тартты.
Ауыл қариялары мен жалынды жастардың бастамасын тұрғындар жаппай қолдап, әр кәсіпкерлік нысанның есігін қағып, үгіт-насихат жұмыстарын жандандырған. Соның нәтижесінде, дүкен иелері тек осы айда ғана емес, ішімдікті мүлде сатылымға шығармайтыны туралы хабарлап, алкоголь өнімдерін сату жөніндегі лицензияларын облыстық кірістер басқармасына өткізіпті.