Қарасай ауданында телефон ұрлығы бейнежазбаға түсіп қалды
Primary tabs
Алматы облысы Қарасай ауданының полициясына Көксай ауылының 34 жастағы тұрғыны құны 50 мың теңге тұратын ұялы телефонының сауда орталықтардың бірінің автотұрағында автокөлік панелінен ұрланғаны туралы арызданған.
Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде, аталған ұрлық дерегін Іргелі ауылдық округінің аға учаскелік инспекторы полиция майоры Е.Ташкенев ашты. Ол бейнежазбаны қарау барысында бейнеден бұрын ұрлық және тонау үшін бірнеше рет сотты болған Көксай кентінде уақытша тұратын 36 жастағы Өзбекстан азаматын таныған. Бір тәулік ішінде тәртіп сақшысы күдіктіні ұстап, одан ұрланған телефонды тәркіледі.
Күдіктінің бұрынғы соттылығы ескеріле отырып, ол тергеу судьясымен қамаққа алынды. Қазіргі уақытта айғақзат – телефон заңды иесіне қайтарылды. Жәбірленуші учаскелік инспекторға жедел қызметі үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде, полиция қызметкерлері азаматтарды бағалы заттары мен ақшаларын оңай, қол жетімді жерлерде қалдырмауға, ұрлық жасауға мүмкіндік бермеуге шақырады.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі