Қарасай ауданында 7 адамнан вирус анықталды

Primary tabs

Шлд 07, 2021 / 0 комментарии

Алматы облысында өткен тәулікте 49 адамнан коронавирус анықталды деп хабарлайды Kaskelen.kz.

Соның ішінде Талғар ауданында 12 жағдай, Талдықорған қаласында - 8, Қарасай ауданында – 7, Іле ауданында – 6, Қаратал ауданында – 4, Жамбыл ауданы мен Текелі қаласында 3 жағдайдан, Балқаш және Ескелді аудандарында 2 жағдайдан, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.

Сондай-ақ 18 адам жазылып шықты.

Өңір "САРЫ" аймақта.

Ауруханаларда 701 адам ем қабылдауда, соның 25-нің жағдайы ауыр. 1 тәулікте 80 адам ауруханаларға ем қабылдауға жатқызылды. Жұқпалы аурулар стационарларындағы орындар 43,2 %-ке толған.

Соңғы 3 күнде 4027 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 1 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 390 860. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 6584. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 226 798. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1832.