Қарасай ауданының медицина қызметкерлері арасыда экспромт- кездесу өтті
Primary tabs
Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы жүзеге асыру жолдарын мен атқарылған іс-шаралармен таныстыру ,насихаттау мақсатында бүгін аурузана директоры Маулен Малгаждаров орынбасарлары мен бөлім меңгерушілері жинап экспромт- кездесу өткізді деп хабарлайды Kaskelen.kz.
Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасында екі мыңға жуық медицина қызметкері қызмет атқарады.
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аясында елімізді саламатты ұлт деңгейіне жеткізу үшін денсаулық сақтау саласына үлкен мүмкіндіктер мен зор жауапкершілік артылғаны анық.
Азаматтардың денсаулығы -Nur Otan партиясының негізгі басымдылықтарының бірі.Осыған орай, медициналық кадрларды оқыту арқылы, халықаралық стандарттар өту, медицина қызметкерлерінің жалақысын біртіндеп өсіру, дәрі-дәрмекпен қамтамсыз ету, перзентхананы қажетті жабдықтармен бірінші кезекте қамтамасыз ету, ауыл медицинасына ерекше назар аудару,телемедицинаны қолдану , МӘМС жүйесі арқылы бағасы қымбат медициналық қызметтерге квоталарды өсіру , оны әр азаматқа қолжетімді ету, кейінге қалдырылмайтын операцияларды мен зерттеулерге кезек мәселесін шешу, цифрлық технологияларды қолдану арқылы жалған деректерге жол бермеу, медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру, денсаулық сақтау қызметінің сапасын жүйелі түрде бағалау және 2025 жылға қарай өмір сүрудің орташа ұзақтығын 75 жасқа дейін жеткізуді Nur Otan партиясы бақылауға алып отырғаны жайлы, осы ақпараттың ұжымдағы әрбір медицина қызметкеріне жеткізу маңызды екенін мәлімдеді.