Қарағанды облысында мотоцикл жеңіл көлікке соғылып, 11 жастағы бала көз жұмды
Primary tabs
Жезқазған-Қарағанды тас жолында мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан мотокциклде отырған 11 жастағы бала көз жұмды деп хабарлайды Қазақпарат.
Басылым мәліметінше, 5 маусымда Жезқазған-Қарағанды тас жолында 14 жасар жасөспірімнің жүргізген "Восход" мотоциклі мен Toyota Camry көлігі соқтығысқан. Соның салдарынан мотоциклде отырған 11 жастағы бала көз жұмды. Ал мотоцикл жүргізушісінің түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағына сәйкес іс қозғалған. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Скутер, мопед және мотоцикл қазіргі уақытта кәмелет жасқа толмағандар арасында ерекше қызығушылық тудыратын көлік құралының бірі. Олар аталған көлікті жүргізгенде қауіпті жағдай туралы оайламайды. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін ата-аналары да бақылауда ұстамайды. Олар балалардың жасына және көлікті жүргізу тәжірибесіне де мән бермейді. Егер, балаларыңызға заманауи көлік құралын сатып әпергілеріңіз келсе, олардың 16 жасқа толғанын күтіңіз. Сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігі мен көлікке мінердегі қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіңіздер. Ең бастысы балаларыңыздың жүргізу тәжірибесімен және жүргізуші куәлігінің болуын қамтамасыз ету қажет", - деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.