Қаскелеңде "бомба қойылды" деген жалған ақпарат тарады
Primary tabs
Бүгін Қаскелен қаласында Қарасай аудандық жедел штабы терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі. Осыған байланысты "Қарлығаш" ықшам ауданында көлік қозғалысы шектетіліп, арнайы мамандар жұмыс істеді. Бұл жағдайға қатысты тұрғындардың арасында бомба қойылды деген жалған ақпарат тарап үлгерді. Алайда, Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бұл шараның терроризмге қарсы оқу-жаттығу үшін жүргізілуін мәлімдеп, тұрғындарды сабырлық пен қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды және оқу-жаттығуларға тартылған құқық қорғау органдары өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұрады.