Қаскелеңдік дәмханалар төтенше жағдай тәртібін елемеуде

Primary tabs

Нау 24, 2020 / 0 комментарии

Қаскелеңдік дәмханалар төтенше жағдай тәртібін елемеуде, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. 

Кеше түнде Қаскелең қаласының әкімі А.Мұқашев пен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы И.Қалиев түнгі сағат 22.00-ден соң қала аумағындағы бірқатар тамақтану орындарына рейд жүргізді. Бұл тексеру жұмыстарына Kaskelenkz блогері де қатысып, инстаграм желісінде тікелей эфир арқылы хабар таратты. 

Белгілі болғандай, қоғамдық тамақтандыру орындарының көпшілігі түнгі 22.00-ден соң жұмыстарын тоқтатпаған. Рейд жүргізушілер оншақты кафе әкімшілігіне ескерту қағаздарын қалдырып, тәртіпке бағыну қажеттігін түсіндірді. Бұл заң бұзушылық қайталанған жағдайда, кәсіпкерлер қомақты айппұл арқалауы мүмкін. 

Ең бастысы әр адам өзінің және өзгенің өміріне қауіп төндірмеуі қажеттігін естен шығармауы керек.