Қаскелеңнің 30 көшесі тегістеледі

Primary tabs

Қаң 17, 2019 / 0 комментарии

Биыл Қаскелеңнің 30 көшесі тегістеліп, қала паркі жөнделеді. Бұл туралы қала әкімі А.Мұқашев аудандағы ақпараттық сайттардың біріне берген сұхбатында мәлімдеген.

2019 жылы біз  Қаскелеңнің бірден 30 көшесін жөндеуді жоспарлап отырмыз. Тротуар жасап, кей жерде шұңқырларды жамау керек, бір жерлерге толықтай асфальт төсеуіміз қажет. Ондай жұмыстар Қаскелеңде кеңес өкіметінен бері жасалмаған. Ауқымды шаруа күтіп тұр, бірақ, біз құжатқа енгіздік. Тек ұсақ-түйектері қалды, - дейді қала мэрі өз сөзінде.  

Бұдан бөлек, биыл шешілетін мәселелердің қатарында қала паркін қалпына келтіру де бар екен. Аудандық мәдениет үйінің алдында орналасқан саябаққа балалар алаңын жасақтап, түрлі мүсіндер орнатып, үздіксіз әуен қосып қоюға оқталып отыр қала мэрі. Соған сәйкес, көлік тұрағын да басқа ыңғайлы жерге орналастыру үшін қаржы бөлінгенін, жұмыстар сәуір айында бастау алатынын жеткізді сұхбат беруші.

Сондай-ақ, 2018 жылдың тамызынан бері аудан орталығына 450 ағаш отырғызғанын айтқан қала әкімі ақпанда тағы сонша көшет еккелі жатқанын да сөз еткен.