Қорғаныс министрлігіне Германиядан гуманитарлық жүк келді

Primary tabs

Қзн 20, 2020 / 0 комментарии

Алматы халықаралық әуежайына Қазақстанның Қарулы Күштері үшін медициналық мақсаттағы гуманитарлық көмек ретінде жүк келді.

Гуманитарлық көмекті жіберуші – Германия  Федеративтік Республикасының Қорғаныс министрлігі. Мүлікті кедендік тазарту «СК-Фармация» ЖШС-мен бірлесіп жүргізілді.

Медициналық қажеттіліктер мен жабдықтар COVID-19-бен күресуге арналған. Өкпені жасанды желдету аппараттары, термометрлер және бір реттік бет перделер эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін әскери бөлімдерге берілетін болады.