"Қорқақтар": Елбасы шетелдегі оппозиция өкілдеріне қатысты пікір білдірді

Primary tabs

Шлд 02, 2021 / 0 комментарии

Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" телеарнасындағы "Штрихи к портрету. Лидер" атты деректі фильмде шетелге қашып кетіп, елді дүрліктіріп жүрген оппоненттері туралы пікір білдірді 

Сұхбат барысында Назарбаев шетелде бас сауғалап жүрген оппоненттері мен сол жақта отырып, елде дүрбелең туғызғысы келетіндер туралы сөз қозғады. Ол бұл мәселеге сабырлылықпен қарайтын болып шықты.

"Қорқақтар. Айтқың келсе, осында кел де, айт. Егер өз сөзіңе сенімді болсаң, барлық қиындыққа төз де, дәлел келтір. Мұнда ақшаны жеп, артынша солай істеген дұрыс па? Мен бұған салқынқандылықпен қараймын.

Ең өкініштісі, бұл адамдарды мен "жоқтан бар жасаған едім". Біреуі министр, біреуі банкир болды, біреуі байыды. Ал енді ақшаны жеп -жеп, тексеріс басталған кезде қашты да кетті. Бәрі сондай. Адам сияқты көшіп, адам сияқты сонда өмір сүріп жатқан біреуі болса, айтыңдаршы. Жоқ, бәрі қашқындар. Солар үшін мен өкінемін", - деп мәлімдеді тұңғыш президент. 

Сонымен бірге, ол "сатқындарға" ренжулі екенін айтты.

"Сатқындардың бары, әрине, көңілге қаяу келтіреді. Сатқындардың өмірі ешқашан дұрыс аяқталмайды. Олардың ішінде өз-өзін жеп бітіретін құрты болады. Олар дұрыс емес жасап отырғанын, еліне, халқына қарсы шығып отырғанын біледі. Сонда да елде дүрбелең тудырғысы келеді. Бұл не ал? Дұрыс па? Сондықтан, мен еш алаңдамаймын. Әркім өзіне тиесілі нәрсені алады", - деді ол.